Алматыда симптомды науқастар көбейді

Алматыда симптомды науқастар саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эпидемиологтар мұны тез жұғатын «Дельта» штаммен байланыстырады. Ауруға көбіне 20 мен 40 жас аралығындағы адамдар шалдыққан. Мегаполисте 1570 жағдай тіркелді. Соның 115-інде ғана ауру белгілері байқалмаған. Дәрігерлердің айтуынша, ковид адамның ішкі ағзасын зақымдайды. Аурудың салдары індеттен жазылғаннан кейін де ұзақ сақталады. Сондықтан емдік жаттығулар жасап, салауатты өмір салтын ұстанған жөн. Ал, темекіден мүлдем бас тартқан абзал. Әсіресе, қатты ауырғандар оңалтудан өтуі керек. Дегенмен, қазір Алматыда коронавируспен ауырғандарды оңалтатын тек бір ғана орталық жұмыс істеп тұр.