Б.Сағынтаев Алматыдағы екі жаңа метростансаның құрылысын тексерді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы екі жаңа метростансаның құрылысын тексерді.

«Екі жаңа метростансаның құрылысын тексердім. Бүгінде Абай даңғылы және Алатау көшесінен Райымбек даңғылымен қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін «Сарыарқа» мен «Достық» стансаларының техникалық жағынан іске қосылуы үшін метро құрылысшылардың жұмысын бақылауды тапсырдым. Жер үстінде Абай даңғылындағы жол төсемдері жұмыстары жүріп жатыр. Нысанды белгіленген мерзімге сәйкес пайдалануға беру қажет.

Жаңартылған Абай даңғылы Райымбек даңғылымен түйісіп, Алатау көшесіне шығады. Алатау көшесінде асфальттың жоғарғы қабатын төсеу, тротуар мен велосипед жолдарына жарық жүйесін орнату, абаттандыру жұмыстары аяқталуда. Сондай-ақ қуықтай тар болған Қонаев көшесін Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін кеңейтеміз. Көлік қозғалысы күзде ашылады.

Таусамалы, Ақжар, Құрамыстағы инженерлік желілердің құрылысын, Тастыбұлақтағы жолды қалпына келтіру жұмысын тағы тексердім», - деп жазды әкім.