Таразда коммуналдық қызметтер бағасын негізсіз көтермек болғандар ұсталды

Коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі – қазақстандықтарды толғандыратын күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі. Қаржылық мониторинг агенттігі тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін бірқатар шара қабылдайды.

Агенттік «Таразэнергоцентр» АҚ-ның басшылығына қатысты жабдықты жөндеуге жалған жұмсалған 2,2 млрд теңгені жымқыру дерегі бойынша жүргізілген тергеп-тексеру шеңберінде «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңын бұзу қосымша деректері анықтады.

Атап айтқанда, Акционерлік қоғам 2022-2026 жылдары жылу энергиясы құнының тарифтерін тұрғындарға 2 есеге, бюджеттік ұйымдарға 3,6 есеге және заңды тұлғаларға 3,2 есеге арттырмақ болған. Монополист тарифтердің көтерілуін ЖЭО-4 жабдығын жөндеуге жұмсалған шығындардың ұлғаюымен түсіндірді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Акционерлік қоғамның тарифтерді ұлғайту туралы өтінімін Жамбыл облысы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті қабылдамай, сол арқылы облыс тұтынушыларының шектелмеген тобының құқықтары қорғалып қалды.

ҚР ҚПК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. Іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.

Ақпарат көзі: ҚР ҚҚА баспасөз қызметі

Сондай-ақ...