Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда газ өндіру жеті есе өсті

2020 жылдың қорытындысы бойынша республикадағы мұнай-газ өндіруші компаниялардың газ өндіруі 55,1 млрд м3-ді құрады, бұл 1991 жылғы (7,9 млрд м3) газ өндіру деңгейінен 7 есе жоғары.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев айтты.

Газ қорлары бойынша Қазақстан әлемде 22-ші және ТМД-да Ресей мен Түрікменстаннан кейінгі 3-орында тұр. Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия алынатын газ қорлары 3,8 трлн м3. Барланған газ қорларының шамамен 98%-і Қазақстанның батысында, бұл ретте 87% ірі мұнай-газ және мұнай-газ конденсаттық кен орындарында шоғырланған.

Республикада өндірілетін газдың құрылымы негізінен ілеспе мұнай газы болып табылады, Қазақстанның табиғи газ және газ конденсаттық кен орындарына Амангелді және Шағырлы-Шөмішті кен орындары жатады.

Қазақстандағы газ өндірудің 90%-ін Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз және Жаңажол жобалары қамтамасыз етеді.

Жалпы республика бойынша 79 газ өндіруші компания бар, оның ішінде шамамен 23 компания газды ішкі нарықты және экспорттың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін газ транспорттық жүйеге өткізеді.

Сонымен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикадағы мұнай-газ өндіруші компаниялардың газ өндіруі 55,1 млрд м3-ді құрады, бұл 1991 жылғы (7,9 млрд м3) газ өндіру деңгейінен 7 есеге жоғары. Бұл ретте өндірілген ілеспе мұнай газының шамамен 17,3 млрд м3 (31%) қабаттық қысымды ұстап тұру үшін қабатқа кері айдалған, 10,1 млрд м3 (18%) жер қойнауын пайдаланушылардың өзіндік технологиялық қажеттіліктеріне, электр энергиясының өндірісіне және кәдеге жаратылған. Қайта өңделген 27,7 млрд. м3көлеміндегі газдың 17 млрд м3 (62%-і) ішкі нарықтың қажеттіліктеріне және экспортқа 10,7 млрд м3 (38%-і) жолданды.

«Жоғары атап өткенімдей, 1991 жылы газ өндіру тек ішкі нарыққа жолданатын 7,9 млрд м3-ді құраса, қазіргі таңда жаңа газ тұтынушы жобалардың іске қосуылуы және газдандыру ескере отырып, қажеттілік 10 млрд м3 дерлік ұлғайды», - деді Жұмабай Қарағаев. Жақын келешекте біздің болжамдарымызға сәйкес елдің ішкі нарығындағы тұтыну өсетін болады және 2025 жылға қарай 25,7 млрд м3-ге және 2030 жылға қарай 30,2 млрд м3-ге жетеді.

Өсіп келе жатқан қажеттілікті жабу жаңа кен орындарын іске қосу есебінен болады деп күтілуде екенін атап өтті вице-министр. 9 жер қойнауын пайдаланушылармен 187 млрд м3 алынатын газ қорлары бар 11 кен орнын барлауға және өндіруге келісімшартқа қол қойылды.

«Аталған кен орындарын уақтылы іске қосу газдың жылына 2025 жылы 8,1 млрд м3 және 2030 жылы 8,4 млрд м3 көлемдерінің ұлғаюына алып келетіні болжануда», - деп қорытындылады Қарағаев.