Ауыл мектебіндегі жоғары сыныптар жабылмайтын болды    

Шығыс Қазақстан облысындағы Долонь ауылы мектебіндегі жоғары сыныптар жабылмайды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын, әкімдіктің жаңа қаулысына сейкес, білім ордасын «тоғыз жылдыққа» айналдыру жоспарланған еді. Ата-аналар мен оқушылар бұған түбегейлі қарсы болды. Шағымын айтқан көпшілік біздің арнаның тілшілеріне жүгінген болатын. Сюжет эфирге шыққаннан кейін мәселе бірден билік өкілдерінің назарына алынып, шешімін тапты.