Кәсіпкерлер Аshyq жүйесін пайдалануға асық

Өскеменде бизнес нысандары «Ashyq» жүйесіне бірінен соң бірі қосылып жатыр.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мәліметі бойынша күн сайын 300-ге жуық ірілі-ұсақты  тамақтану және сауда орындары тіркелді. Бүгінге дейін бұл жүйеге қаладағы коммерциялық нысандардың 85 проценті қосылған. Өткен шілдеде мұндай көрсеткіш болмаған. Бастапқыда кейбір кәсіпкер тұтынушылардан айырылып қалам ба деген үреймен санитарлық талаптың бұл түрін қолдануға қарсы болған. Бірақ қазір  жүйенің тиімді екеніне көз жеткізді. Шығыс Қазақстанда эпидахуал әлі де оңалмай тұр. Аймақта күніне коронавирус індетін жұқтырған 300-ге жуық науқас тіркеледі.

Ғасан Тұрғанбаев, Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– «Ashyq» жобасына 1718 нысан қатысады. Оның ішінде 400 ресми қатысушы және 1318-і тестілеу бойынша өтіп жатыр. Бұл өткен аймен салыстырғанда жаңа қатысушылардың өсімі 85 проценттен жоғары. Яғни бұл жоба кәсіпкерлер арасында өте үлкен қызығушылық көрсеткені айтылады.