А. Мамин: Партияның жол картасы үкімет бақылауында

«Nur Otan» партиясының Жол картасы жобасы Үкіметтің ерекше бақылауында.

Аталған бағдарламаны іске асыру жөнінде штаб отырысын өткізген Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді. Жиында отандық тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру, мәдениет нысандары мен мектеп салу мәселелері қаралды. Биыл 200 мектептің ашылуы апатты және үш ауысымды білім ордаларының проблемасын шешуге және орын тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді. Партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған қызметтер мен тауарлардың шикізаттық емес экспорт көлемін 2025 жылға қарай 41 млрд долларға дейін 2 есе арттыру мақсаты туралы сөз болды. Биыл осы көрсеткіштің 29,2 млрд долларға дейін өсіру көзделген.

Жалпы биыл алғашқы 5 ай қорытындысы бойынша елдің сыртқы тауар айналымы былтырғы кезеңімен салыстырғанда 1%-ке артып, 36,4 млрд долларға жеткен.