Балқаш Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін

Көкше теңіз Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін бе?

Көкше теңізіміз – қазіргі Балқаш көлі. Сарыарқа мен Жетісуға теңдей жайылған айдынның бүгінгі жайы экологтар мен қоғам белсенділерінің назарын аударып отыр. Алматыда өткен онлайн жиында осы мәселе сөз болды. Экология министрлігі ұйымдастырған басқосуға ғалымдар, қоғам белсенділері мен жергілікті билік өкілдері қатысты. 

Балқаш көлі Каспи мен Аралдан кейінгі ірі су айлағы саналады. 18 мың шаршы шақырым аумаққа жайылған көлдің Жетісудың ауа райы мен экологиясы үшін орны орасан. Сондықтан да Балқаш көлінің болашағы адамдарды бүгіннен алаңдатып отыр. Өйткені, өңірдегі су ресурстарының азаюы аталған көл үшін өте қауіпті. Көл деңгейінің өзгеруі бірінші рет емес, өткен ғасырдың 70-80 жылдары да құбылыстар байқалған.

Саят Әлімқұлов, география және су қауіпсіздігі институты басқарма төрағасының орынбасары:

– Бізде 70-80 пайыз суармалы егіншілікте пайдаланамыз аймақта, егер осы салада тиімділікті өсіретін болсақ дәл осы пайдаланыеп отырған алқаптарды қысқартпай ақ біз сол суларды 30-40 процентке үнемдеуге мүмккіндігіміз бар. 09/00- Басты мақсат әрине экологиялық маңызды бізге Балқаш көлінің онымен бірге Іле өзенінің атырауын жалпы сақтау, табиғи жүйені сақтау, оның экологиялық функциясына сақтау.

Экология министрлігі отандық ғылыми мекемелермен бірлесе отырып, Балқаш көлінің деңгейін көтеру, тұрақтандыру бағдарламасын жасауда. Басты мақсат Іле өзенін тиімді пайдалану, өзеннің бастауына иелік ететін Қытай елімен бірлескен келісімшарт жасау туралы айтылды. Оған қоса көлдің деңгейі терең зерттеуді талап етеді.

Серік Қожаниязов – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:

– Біздің көлдің деңгейін қалыпта ұстау үшін Қытай елі үлкен маңызға ие. Сондықтан көрші елмен трансшекаралық аймақ мәселесі талқыланып, үлкен нәтижеге жеттік. Қытай үкіметі Балқаш көлінің экологияға әсері жоғары екенін мойындады. Олар да шекараға жақын аумақта экологиялық апат болғанын қаламайды.

Трансшекаралық аймақтағы суды бөлісу мәселесі алты жылдан бері айтылып келеді. Өйткені, Іле өзені арқылы келетін су деңгейін тұрақтандыру Балқаш көлін сақтап қалудың бір жолы. Сондықтан келісімшарт бірінші қарекет болмақ. Сондай-ақ, ауылшаруашылығына қажетті суды тиімді пайдалану мәселесі кейінге қалдырылмауы тиіс.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Радик Жакупов