Pfizer және BioNTech препараттарының тиімділігі алты айда 84%-ке дейін төмендейді

Pfizer және BioNTech ресми түрде препараттардың тиімділігі екінші вакцинациядан кейінгі алты айда 84%-ға дейін төмендейтінін ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24 COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

«Moderna» препаратын өндіретін АҚШ фармацевтикалық компаниясы өздері әзірлеген вакцинаның тиімділігі екінші дозаны енгізгеннен кейін алты ай ішінде 93% деңгейінде сақталатынын хабарлады. Бұл аталмыш компания жүргізген алғашқы клиникалық зерттеулердің нәтижесінен айтарлықтай төмен емес. Бастапқыда эпидемиологиялық тиімділік 94% деңгейінде болды.

РФ вакцинация қарқынын арттыруда. Роспотребнадзордың айтуынша, Федерацияның 14 аймағында бірінші вакцинаны алған азаматтардың саны 70% жетті. Кейбір өңірлерде ірі тұрғын үй кешендерінің ауласында вакцина көліктерінде көшпелі егу пункттері ұйымдастырылған. Тұрғындардың біраз бөлігін вакциналаумен қамту үшін кешкілік уақытта жұмыстан қайтатын адамдарды екпеден тыс қалдырмау мақсатында дәрігерлер сол уақытта аулада екпе егу бойынша қызмет көрсетуді бастайды. Адамдар мұндай әдістің өздері үшін өте ыңғайлы екендігін айтып, белсенділік танытуда.

Қытай коронавирусқа қарсы вакциналар өндірісін ұлғайтуда және әлем елдеріне иммундауға арналған препараттың 2 миллиард дозасын жеткізеді. Аталған көлемдегі екпелерді Қытай осы жылдың ішінде ұсынуға ниетті. Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин COVID-19 вакциналары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумда айтты. ҚХР басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бірлескен сатып алу және COVAX жобасы аясында вакцинаны тарату бойынша жаһандық жобасына 100 миллион доллар жіберу жоспарлары туралы да хабарлады.