Өскеменде карантин тәртібін полиция қадағалайды

Өскемен қаласындағы дәмхана мен мейрамханалардағы карантин тәртібін полицейлер қадағалайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бизнес ошағы ашылғаннан жабылғанға дейін сол жерде тұрады. Келушілердің ашық жүйесі арқылы өтуі мен санитарық ереженің сақталуына жауапты. Ал аймақта қазір 200 мониторингтік топ құрылған. Олар халық көп жиналатын нысандарды аралап, жұмысын тексереді. Арнайы топ биыл қаңтардан бастап бүгінге дейін 15 мың рет рейдке шығып, 37 мыңға жуық нысанның қызметін тексерген. Карантин ережесін бұзған 5 мыңға жуық нысан анықталды. Санитарлық талаптарды сақтамаған 70 шақты бизнес иесіне айыппұл салынды. Екі мыңға жуық жеке тұлға да айыппұл арқалаған. Енді бұл жұмысты күшейту үшін полиция қызметкерлері қосылды.

Асыл Базарханов, учаскелік полиция инспекторы:

- Бұл бағытта кешегі күнде 7 ойын-сауық ордасы коронавирустық нормаларды бұзғаны бойынша анықталды.Коронавирустық инфекцияның таралуына жол берген жағдайда және карантин нормаларды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.