Өскеменде 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді

7 тамыз күні ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесі сейсмикалық стансалар желісінде Алматы уақытымен 09 сағат 01 минутта жер сілкінісінің тіркелгендігін хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 847 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.1.

Магнитудасы: 4,2

Тереңдігі: 10 шақырым

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Өскемен қаласында сезілді - 2-3 балл.