Арыстағы сары фосфор жанған жерде экологиялық қауіп жоқ

Арыс қаласында сары фосфор жанған жерде экологиялық қауіп жоқ. Түнде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері өрт болған жерден ауа сынамасын алды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша «адамдардың денсаулығына еш нәрсе қауіп төндірмейді, сондықтан тұрғындар үйлеріне орала алады», - дейді қала әкімі Гүлжан Құрманбекова.

Еске сала кетейік, таяуда Арыс қаласының теміржол вокзалында жүк вагонынан өрт шықты. Оның ішінде сары фосфор улы заты болған. Оқыс оқиғадан кейін сол күні Наурыз шағын ауданының 1700 тұрғыны шұғыл түрде эвакуацияланды. Олардың бір бөлігі жергілікті мектептерге орналастырылды, қалғандары жақындарының үйіне кеткен. Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың басшылығымен жедел штаб құрылды.

Арыс теміржолында екі контейнер өртенді

Арыстағы өрт сөндірілді. Тұрғындар үйлеріне қайта алады