Павлодар аспанын қою түтін тұмшалады

Якутиядағы орман өртінің түтіні Павлодарға жетті. Ресей тілсіз жаумен екі аптадан бері күресіп жатыр.

Өрт аумағы 1,5 млн гектардан асқан. Бүгін қалың түтін Павлодар аспанын да торлап тұр. Алайда облыстық төтенше жағдайлар департаменті халықты алаңдамауға шақырды.

Айтуынша, экологиялық қауіп төніп тұрған жоқ. Түтін көп ұзамай өзінен өзі сейілуі тиіс.