Арыстағы өрт кезінде адамдарды көшіруге 100-ден астам полицей атсалысты

Арыстағы өрт кезінде адамдарды көшіруге 100-ден астам полицей атсалысты

Арыс қаласында өрт кезінде адамдарды көшіруге 100-ден аса полицейлер атсалысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс қаласында сары фосфордың тұтануы салдарынан теміржол вагонында өрт шығуы кезінде полицейлер оқиға орынын тез арада оқшаулап, өрт шыққан жерге арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз етті. Сонымен қатар олар адамдарды шұғыл қауіпсіз жерге алып шығуға атсалысты.

Жұртты көшіруге Арыс станциясындағы желілік полиция бөлімінің 25 қызметкері мен аудандық полиция бөлімінің 75 қызметкері қатысты.