Мұрат Мұтырғановтың анасы өмірден озды

Танымал цирк артисі Мұрат Мұтырғановтың анасы Диана Мұтырғанова өмірден өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы Мұрат Мұтырғанов өзінің Instagram-парақшасында бөлісті. 9 тамыз күні отбасында қайғылы жағдай болғанын айтты.

«Біз барынша күрестік, бірақ қатерлі ісікті жеңе алмадық.

Анамыз періштедей еді. Өмірді, отбасын, адамдарды, табиғатты, жануарларды жақсы көретін. Жүрегі мейірімге толы болды.

Анаммен таныс болған барлық адамнан бүгін оның рухы үшін дұға етулеріңізді сұраймын.

Анашым, сен біздің жүрегімізде мәңгі жасайсын боласың. Жатқан жерің жайлы болсын», – деп жазды Мұрат Мұтырғанов.

Мұрат Мұтырғановтың анасы «Мутурганчики» цирк триосының әкімшісі болған. Онда Мұрат, оның әкесі Кәрім Мұтырғанов және қарындасы өнер көрсеткен.