Биыл 11 мыңнан астам тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды – Бас прокурор

Жыл басынан бері 5 мыңға жуық азаматтың, 92 мың кәсіпкердің құқығы қорғалып, бюджетке 17 миллиард теңге қайтарылды. 11 мыңнан астам тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.

Мұны Президенттің қабылдауында болған бас прокурор айтты.

Ғизат Нұрдәулетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі қылмыстық ахуал, соның ішінде, алаяқтық, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, заңсыз есірткі айналымы және басқа да қауіпті құқық бұзушылықтарға қарсы күресті үйлестіру шараларын баяндады. Бұдан бөлек қылмыстық іс жүргізуде үш буынды моделге өтудің алғашқы кезеңінің іске асу барысын және 2022 жылдан бастап енгізіле бастайтын екінші кезеңге дайындық жөнінде есеп берді. Сонымен қатар бас прокурор Мемлекет басшысына ел ішінде резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу нәтижелері мен қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Ғизат Нұрдәулетов қылмыстық іс жүргізудің үш буынды моделіне өтудің алғашқы кезеңінің іске асырылу барысы және 2022 жылдан бастап енгізіле бастайтын екінші кезеңге дайындық жөнінде есеп берді. Мемлекет басшысына ел ішінде резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу нәтижелері және қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі жұмыстардың қорытындысы туралы баяндалды.

Бас прокурордың мәліметіне сәйкес, прокуратура органдарының қабылдаған шараларының нәтижесінде жыл басынан бері 5 мыңға жуық азаматтың, 92 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалып, бюджетке 17 миллиард теңге қайтарылған.