Көгалдандыру көңілден шықпай тұр

Өскемен қаласын көгалдандыру жылда ерте көктемнен басталатын.

Саябақтар мен скверлер гүлге оранып қара суық түскенше жайқалып тұрар еді. Биыл да 9 мың шаршы метр жерге 270 мың тал гүл егілген. Алайда жаз ортасына жетпей алаңқайлардағы гүлдің көбі қурап қалған. Сөйтіп қазір халық серуендейтін саябақтарда арамшөп жайқалып тұр. Жалпы қаланың көгалдандыру жұмысына «Өскемен тазалық» мекемесі жауапты. Бірақ ол кәсіпорнның қазір аты бар да, заты жоқ. Жеке сәулетшілердің айтуынша әрбір қаланы көгалдандырудың ережесі болуға тиіс. Ол «дендрологиялық жоспар» деп аталады. Бірақ бұл кешенді жоба Өскеменде әлі жоқ. Биылғы қуаңшылық та қаладағы гүлзарларға кері әсерін тигізген.

Мария Козлова, сәулет магистрі:

– Қаладағы жасыл желектерге қатысты ешқандай мониторинг жүргізілмегеніне, және жасыл желектерге күтім жасаудың жүйелі тәсілі жоқ екенін бірден байқауға болады. Ал әбден қурап тамырымен солып қалған ағаштарды алып тастап орнына жас көшет егілмейтіні де көрініп тұр. Саябақтарға көктемде егілген гүл сол беті қаруасыз қалған.

Қалалық тұғын үй коммуналдық шарушалығы бөлімінің мәліметі бойынша биылғы көгалдандыру жұмысында жарияланған тендерді оралдық компания жеңіп алған. Алайда мердігер жұмысын дұрыс атқармаған.Осыдан соң Өскеменнің әкімдігі ол компаниямен жасалған келісімді бұзып, қайта байқау жариялаған. Осылайша мердігер мен әкімдік тендер жырымен жүргенде қаланы арамшөп басып, гүлдің көбі қурап қалды.

Владимир Землянский, қала әкімі баспасөз қызметінің маманы:

– Тендерде бастапқыда ұтқан оралдық компания міндеттерін дұрыс атқармады. Олармен келісімді бұзып жұмысты жергілікті мекемеге тапсырдық. Сондықтан да қаланы көгалдандыру бойынша мәселе туындады.