Британия Беларуське қарсы санкциялар енгізді

Ұлыбритания Беларуське қарсы санкция енгізді.

Шектеу шаралары президент Александр Лукашенко режимінің үкіметке қарсы шеруге шыққандарды қудалау ісіне байланысты қабылданған. Бұдан былай, Беларуське калий, мұнай өнімдерін және темекі өндірісіне қажетті тауарлар мен технологияларды сатуға, тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ Беларусь әуе компанияларының ұшақтарын Британия арқылы өткізуге және қондыруға тыйым салынды.

Бұдан басқа, Лукашенконың үлкен ұлына, баспасөз хатшысына, президент әкімшілігінің басшысына, ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысына, қорғаныс және Ішкі істер министрлеріне, Лукашенконың жақтасы ресейлік бизнесмен Михаил Гуцериевке санкция салынды.

Беларусь шығарған құнды қағаздар мен қаржылық құралдарды сатып алуға да шектеу қойылды.