Маңғыстаулық мұнайшы мыңнан астам кітап оқыған

Маңғыстаулық мұнайшы мыңнан астам кітап оқыған

Маңғыстауда өзі өндірісте жүрсе де, жүрегі әдебиет пен мәдениет деп соғатын жұмысшы бар.

Қазбек Тажбенов ұжымда кітапты ең көп оқыған мұнайшы десек артық айтпағанымыз болар. Ол шамамен 10 жасынан бері қазақ және әлем әдебиетімен сусындап келеді. Содан бері өзін рухани байытуды мақсат еткен Қазбек бірнеше мың кітапты тауысқан. Қазір оның жеке кітапханасының қоры 3000 кітаптан асады.

«Ес білгелі кітап оқу менің ең сүйікті ісім. Бала кезімде жинаған тиыным жетпей «Көшпенділер» трилогиясын кітап сататын сөреге барып, бөліп оқығанмын. Оқиға желісіне қызыққаным сонша, сол сөреге 1 ай бойы барыппын. Кішкентай бала болсам да, қызығушылығымның басымдығына талай адам таңдай қаққан», – деп Қазбек бала күнгі қызықты қылығын еске алды.