Семейде автокөлік көпірі жабылып қалды

Семейде автокөлік көпірі жабылып қалды

Семейде таңертең автокөлік көпірінің жабылуынан ұзын-сонар кептеліс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше кешке оның жаяу жүруге арналған бір бөлігі қисайып қалған. Әкімдік тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көпірді жабуға шешім қабылдады. Дәл қарбалас уақытта жөндеу жұмыстарын бастаған коммуналдық қызметкерлер де жағдайды қиындатты. Бұл көпір жылдар бойы апатты жағдайда тұр. Алайда ондағы көлік ағыны еш тоқтамаған. Тек жүктеме 3,5 тоннаға дейін шектетілді. Енді жергілікті билік тексеру жүргізіп, нысанның қирау себебін анықтамақ.