1 қыркүйектен бастап міндетті вакцина алуы тиіс мекемелер тексерілмек

Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты.

Азаматтар 1 қыркүйекке дейін вакцинаның екінші компонентін алуы тиіс. Тексерілу басталғанға дейін оның өткізілу тәртібі мен режим бұзғандарды жауапқа тарту жағдайы анықталады. Тексеру шаралары республиканың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген барлық нысанда жүргізіледі. Заңды бұзғандарға Әкімшілік кодекстің 425-бабына сәйкес айыппұл салынады. Бұл бапта жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал заңды тұлғаларға 230-дан 1600 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл қарастырылған.

Садуақас Байғабылов, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары:

– Тексеру жұмыстары мониторингтік топтар арқылы жүргізіледі. Шара барысында вакцинация паспорты немесе бірінші компонентін алғаны жөніндегі анықтама, вакцинаның қарсы көрсетілімі жөніндегі уақытша немесе тұрақты анықтама тексеріледі. Сондай-ақ вакцина алмағандар апта сайынғы ПТР анықтамасының теріс нәтижесін көресетеді.

Сондай-ақ...