Елде екінші нарықтағы үй бағасы 16% өсті

Жылжымайтын мүлік бағасы ұзақ тұрақтамады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені аз да болса өсім барын жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, шілде айында екінші нарықтағы баспана құны шаршы метрі үшін 270 мың теңгеден асқан. Бұл 2020 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштен 16 процентке жоғары. Жалпы біржылдық өсім деңгейі шамамен 25 процентті құрайды. Жыл басынан жаңа баспана бағасы 9,7 процентке және пәтер жалдау құны 8 процентке жоғарылапты.