loader

Табысы төмен азаматтарға субсидия төлеу туралы ақпарат – жалған

Табысы төмен азаматтарға субсидия төлеу туралы ақпарат – жалған

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін хабарлады.

«Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ...