А.Цой: Науқастардың басым бөлігі вакцина алмағандар

Коронавирусқа шалдыққандардың 99,9 проценті – инфекцияға қарсы вакцина алмағандар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, көз жұмған азаматтар арасында бұл көрсеткіш 97,7 процентті құрайды. Ал екпе салдырғандардың 0,1 проценті ғана ауыратын көрінеді. Соңғы бір апта ішінде ауырғандар саны 10 процентке артқан. Індетпен күресу мақсатында іске қосылған «Ашық» жобасына, ел бойынша 4 миллион адам қосылды. Жоба басталған сәттен 46 мың адам карантин режимін бұзып, қоғамдық орындарға барғаны анықталды.