Теміртауда тойдан тым-тырақай қашқандар видеоға түсіп қалды

Тығылып той жасайтындарға тыйым болмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мобильді топ мүшелері Теміртау қаласындағы мейрамханалардың бірінде үйлену тойының үстінен түскен. Оларды көрген қонақтар жаппай жертөледегі есіктен шығып, далаға тым-тырақай қашыпты. Облыс болса «қызыл аймақта». Тек бүгіннің өзінде індет жұқтырған 1125 адам тіркелді. Бұл – пандемия басталғалы рекордтық көрсеткіш.

Гүлнұр Әбдіғалиева, Теміртау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

– Мониторингтік топ келгеннен кейін факт расталды. Алайда мекеме әкімшілігі ғимаратқа кіруге рұқсат беруден бас тартты. Келушілер мейрамханадан қосалқы кіреберіс арқылы жасырын түрде кете бастады. Мейрамхана иесіне 670 910 теңге айыппұл салынады.