Елордада көпбалалы отбасыларға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының нәтижесі шықты

Нұр-Сұлтанда көпбалалы отбасыларға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

27.06.2021 – 07.07.2021 жылдар кезеңінде көпбалалы отбасылар үшін 285 пәтер (2 бөлмелі пәтер) көлемінде «Cатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» іске асырылған бағдарламаның нәтижелері белгілі болды.

Бағдарлама бойынша өткендердің барлығына жақын арада Тұрғын үй орталығының қызметкерлері қоңырау шалып, сіздің әрі қарайғы әрекеттеріңізді хабарлайды.