Елді мекендерден бруцеллез ауруы шығып жатыр

Қостанай облысындағы 14 елді мекенде малдан бруцеллез анықталған. Бұл туралы облыстық ветеринария қызметінің мамандары хабарлады.

Төрт түліктен 225 мың қан сынамасы алынған. Сараптама нәтижесінде 750-ден астам ірі қарадан бруцеллез шықты. Олардың барлығы союға жіберілді. Жұқпалы дерт анықталған ауылдарда республикалық эпизоотикалық отряд сауықтыру шараларын жүргізді. Осындай іс-әрекеттердің арқасында облыста бруцеллез таралымы біршама бәсеңдеді, – дейді мамандар.

Ахат Шектібаев облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

– Жаппай дезифекциялау, малдың барлығын диагностикалық зерттеумен қамту, ауруларын дер кезінде оқшауландыру жұмыстары өз нәтижесін берді. Бруцеллездің төмендей бастағандығы сол сөзіміздіңғ дәлелі. 2019-2020 жылдардың қорытындысы бойынша, бруцеллезбен ауыратын малдың саны 0,39 процентті құрады, ал 2021 жылдың 10 тамызына дейінгі дерекке қарасақ, ол 0.31 процентке түскенін байқаймыз.