Әскери қалашықтың әлеуеті жақсарып келеді

Елде әскери қалашықтағы тұрмыс жақсарып келеді.

Тұрғын үйлер жөнделіп, аулалар абаттандырылды. Қорғаныс министрлігі бұл мәселемен үнемі айналысады. Жыл сайын ескірген инфрақұрылымды жөндеп, әскерилердің жайлы өмір сүруіне мән береді.

Бүгінде Қазақстан қорғаныс күштеріне қарасты 339 әскери қалашық бар. Мұнда әскерилер ғана емес, олардың отбасы мүшелерінің жайлы өмір сүруіне қажетті әлеуметтік нысандар қарастырылған. Балабақша, мектеп, ауруханалар мен дүкендер, қоғамдық тамақтану орындары және балаларға арналған үйірмелер мен спорт секциялары жұмыс істейді. Мәселен Аягөз гарнизонында екі қалашық бар. Онда 4 мыңнан астам әскери қызметкер тұрады.

Сәбит Өркінбаев, 10810 ә/б командирі:

– 2020 жылы 2 үй күрделі жөндеуден өткіздік. Әскери қызметшілерге кілттері табысталды. Бүгінгі күнде горнизонымызға жоғарғы әскери оқуын, кадеттік орпусын бітіріп келген офицерлер мен сержанттарға пәтер кілттерін бердік. Әскери қызметшілердің семясының, бала шағасының жағдайлары жасалған.

2019 жылдан бері Қорғаныс министрлігі Аягөз бен Сарыөзекте үш тұрғын үйді жөндеді. Сондай-ақ Қапшағай мен Сарыөзекте су құбырының желісі күрделі жөндеуден өткен. 57 әлеуметтік нысанға ағымдағы жөндеу жасалып, 64 жарым мың шаршы метр аумақтың тротуарлары мен асфальт жабыны жаңартылды. Шалғай гарнизондарда 13 әскери қалашықтың аумағы абаттандырылды.

Бөкенбай Бибосынов, әскери бөлімі оқу-жаттығу полигонының технигі:

– Әскери қалашықтың бір жақсы жері жыл сайын жаңартылып тұрады. Бала шаға санына қарап, кезегіме қарап пәтердің осы үйді алдық. Городокта үйлер жылы оның үстіне, кең бөлмелері. Жаңа планировкамен салынған. Оның үстіне жұмыстың қасында.

Алдағы уақытта Маңғыстау облысының Бейнеу кентінде 96 пәтерлі 8 тұрғын үй, Жамбыл облысының Гвардейск кентінде 240 пәтерлі 2 тұрғын үй салынады. Ал келер жылы Алматыда 360 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Авторы: Талғатбек Әбдіқожа