Түркістан облысында лауазымды тұлға 5 млн теңге пара алу кезінде ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегінше күдікті Түркістан облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімін басқарған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тергеу барысында анықталғандай, ол қомақты қаржыны жеке мектеп өкілінен білім беру қызметіне лицензия беру үшін сұраған. Күдікті қылмыстық іс-әрекетін толық мойындауына байланысты қамаудан қолхатпен уақытша босатылды. Қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.