Қытайдың Vero Cell вакцинасы тамыздың ортасында қолжетімді болады

Апта басында елге Қытайдан тағы бір вакцина жеткізілген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отандастарымызға тамыз айының ортасына таман салына бастайды. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері осылай деді. Vero Cell вакцинасы да инактивтелген. Екі дозадан тұрады. 18 жастан асқан адамдарға салуға рұқсат берілген. Екінші дозасын 21 күн өткен соң алу қажет. Тиімділігі 79 процент дейді мамандар.

Фархат Оразалы, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің баспасөз хатшысы:

– Sinofarm вакцинасының басты ерекшелігі мұздатқышты қажет етпейді. Ол +2-ден +8 градусқа дейінгі температурада сақталады және тасымалданады. Сәуір айының соңында Біріккен Араб Әмірліктерінде Hayat-VAX сауда атауымен шығарылған Пекин биологиялық өнімдер институтының вакцинасын Sinofarm компаниясы сатып алған. Vero Cell вакцинасының Hayat-VAX-тан айырмашылығы тек өндіріс орны басқа. Әйтпесе, ешқандай айырмашылық жоқ. Бұл қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына тексерілген инактивті вакцина.

Сондай-ақ...