Алматы облысында жауған бұршақтан шаруалар зардап шекті

Бүгін Алматы облысы Алакөл ауданының Ақши, Лепсі ауылында жарты сағат бойы бұршақ жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның үлкендігі 2 см-ден бастап 5 см-ге дейін жеткен. Табиғаттың тосын мінезінен шаруалар зардап шекті. Әсіресе, алма, алмұрт және қияр, қызанақ өсіретін бағбан шығынға ұшырады. Олар еңбегінің еш кеткеніне налып отыр делінген әлеуметтік желіде.