Ақтөбеде карантин тәртібін бұзғандарға 66 млн теңге айыппұл салынды

Жыл басынан бері 593 әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындары, мейрамханалар салтанатты іс-шара өткізуін тияр емес. Жағажайлар да жұмысын жалғастырып жатыр. 51 нысан жоспардан тыс тексеріліп, оларға бас-аяғы 8 миллион теңгеден астам айыппұл жазылды. Соңғы аптада 53 дерек тіркелген.

Мұхтар Сербаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Короновирус инфекциясының 4696 ошағы тіркеліп отыр. Оның 4 202-і үй ошақтары және 404 ұйымдастырылған ұжымдарда болып отыр. Соның ішінде медициналық ұйымдарда – 36. Үй карантинінде 8 871 адам медициналық бақылауда тұр.