QazVac: клиникалық зерттеудің алғашқы нәтижелері жарияланды

QazVac отандық вакцинасы клиникалық сынақтан өткізіліп, 1-ші және 2-ші кезең нәтижелері THE LANCET еуропалық журналында жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басылым медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзіндік зерттеу жұмыстарының қорытындысын көпшілік назарына ұсынумен айналысады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Еске сала кеткен жөн, қазақстандық екпені клиникалық зерттеудің бірінші фазасына былтыр қыркүйек айында 44 волонтер қатысқан. Екінші кезеңіне өз еркімен 200 адам қатысқан болса, үшінші фазаға 3 мың волонтер атсалысты. Нәтижесінде, вакцина тиімділігінің жоғары екені анықталды.