Еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алдағы күндері Алматы мен 10 облыста аптап ыстық пен жаңбырлы күндер күтілуде, - деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматыда 15-16 тамызда қатты жаңбыр жауып, найзағай соғады.

14-16 тамызда Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 25 метрге жетеді. Талдықорғанда 14 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

15-17 тамызда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, 18-20 тамызда басым бөлігінде 40-41 градус аптап болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

15 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. 16-20 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар.

14-16 тамызда Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болады. 14-16 тамызда жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Таразда 5 тамызда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. 14-16 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

15 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 15-17 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында оңтүстікте, 18-20 тамызда басым бөлігінде 40-41 градус аптап күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

14-15 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 15 тамызда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі бар. Жезқазғанда 14 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.

14-16 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде шаңды дауыл болады, екіпіні секундына 15-20 метр. Төтенше өрт қауіпі бар. 

15 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус ыстық сақталады. Күндіз 18-20 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градус аптап болады.

14-15 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Сондай-ақ...