Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты пойыздар тоқтап тұр

Жамбыл облысы Меркі ауданы тауларында қалың жауған қар аралас нөсерден жергілікті автожол және Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірінің тірегі шайылды, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Жасанды су өткізу құрылымдары толық режимде жұмыс істеді, бірақ теміржол көпірінің тірек негіздері су көлемінің ауқымы мен қысымымен шайылып кетті. Қазір жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Зардаптарды жою үшін арнайы теміржол және автотракторлық техника, теміржол көлігінің 75 қызметкері жұмылдырылды. Оқиға орнына қажетті материалдар (шпалдар, рельстер, қиыршық тас, кесек тас) жеткізілді. Жұмысты 16 тамыз таңертеңгісін аяқтау жоспарлануда.

Осыған байланысты мына бағыттар:

- №712 Шымкент-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол бағыты;

- №78 Маңғыстау - Алматы-2 қатынасымен;

- №42 Атырау-Алматы-2 қатынасымен;

- №23 Алматы - 1 бағыты-Ақтөбе;

– № 29 Алматы -2-Атырау бағыты;

- №33 «Алматы-2 – Ақтөбе» бағыты бойынша жолаушылар пойыздарының кешігуі күтілуде.

 Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласу қажет.