Маңғыстаулық фельдшер ПТР сынаманың жалған нәтижесін сатқан

Маңғыстау облысында теңіз портының фельдшері ПТР сынаманың жалған нәтижесін сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер 21 жастағы маманның кінәсі дәлелденсе, онда 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі хабарлады. Полиция өкілдерінің мәліметі бойынша, жалған медициналық құжаттың бағасы 3 мыңнан басталып, 10 мың теңгеге дейін жеткен.

Айта кетейік, күдіктіден ПТР сынамының 50 теріс нәтижесі тәркіленді. Қазір оның қызметіне жүгінгендерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр.