Қазақстан қытайлық вакцинаның 4 млн дозасын сатып алды

Бүгін елордаға қытайлық Sinopharm компаниясының кезекті вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпенің жаңа түрі тәулік ішінде қаланың барлық емханасы мен вакциналау орталығында қолжетімді болады. Препарат жасы 18-ден асқандарға егіледі. Ал жүкті және босанған әйелдерге, сондай-ақ аллергиясы немесе эпилепсиясы бар адамдарға қолдануға әсте болмайды. Басқа да диагнозы бар науқастар екпені дәрігерімен кеңесіп алуы керек.

Айта кеткен жөн, Қазақстан жаңа екпенің 4 млн дозасын сатып алды. Осылайша, елордалықтар отандық «КазВак» және ресейлік Спутник V қатар Синофарм компаниясының вакцинасын да таңдай алады. Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар қос екпені де бір жерден алуға кеңес береді.

Сондай-ақ...