425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

  • 131
  • UPD: 16:16, 16.08.2021
Елімізде қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды facebook.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті World Business Consulting қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруде.

«Қаржылық барлау мәліметтері бойынша, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға World trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және т.б. үлестес компаниялардың инвестициялық жобаларына ақшалай қаражат салуды ұсынған», – делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Өз кезегінде бұл үлестес компаниялар заңды қызметтен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен сыйақы алуға кепілдік беріп отырған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар шетелде бола отырып, қазақстандықтармен бейнебайланыс арқылы онлайн кездесулер өткізетіні, онда жаңа клиенттерді тарту мүмкіндігі, сондай-ақ олардың заңды қызметі туралы ақиқат емес ақпаратты тарататыны анықталды.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Агенттік азаматтарға абай болуды және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауды, сондай-ақ WBC ұйымдастырушыларының жалған ақпаратына сенбеуді ескертеді.

Басқа қалалардың тұрғындары ҚР ҚМА аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменттеріне жүгіне алады.

Хабар 24 телеарнасы