Ауғанстан ахуалы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Тәліптерден немесе Ауғанстандағы жағдайдан Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы «Хабар 24». Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңестің төрағасы Ерлан Қаринге сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін осы кеңестің ұйытқы болуымен бірқатар сарапшы Ауғанстандағы ахуалға сараптамалық талқылау жасады. Ауғанстанда тәліптердің билікке келуі әлем елдерін алаңдатып отыр. Сарапшылардың айтуынша, ондағы ахуал сол елдің саяси экономикалық жағдайына кері әсерін тигізеді. Бұл елдегі білім беру саласы да құрдымға кетуі әбден мүмкін. Ауғанстанның әлеуеті алдағы жарты жылда нақты көрінетін болады дейді сарапшылар.