425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақмола облысында эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады

  • 149
  • UPD: 20:27, 16.08.2021
Ақмола облысында эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады

Жағдай тіпті былтырғыдан ауыр. Аймақта бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 300 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір облыстағы инфекциялық стационарларда орын жетіспейді. Ол жерлерде 193 науқас ауыр халде жатыр. Сырқаттар санының өсуіне байланысты ауруханалар қайта жасақталуда. Ал жоспарлы емдеу уақытша тоқтатылды.

Нұржан Жайнаров, жұқпалы аурулар орталығының дәрігері:

– Түсіп жатқан науқастардың дені 50-60 проценттен жоғары өкпе зақымдауымен келіп жатыр. Барлығы ауыр халде. Бүгінгі таңда реанимиациялық бөлімшелер шектеп тыс толып жатыр. Түсіп жатқан науқастардың көпшілігі ол вакцина алмаған науқастар.

Хабар 24 телеарнасы