Семейде мейрамханалар карантин талаптарын бұзған

Семейдегі мейрамханалар карантинді елейтін емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мониторингтік топтар кезекті рейд барысында 50-ге жуық жасырын той-томалақ өткізілгенін анықтады. Оның ішінде 20 шақтысы үйлену тойы, қалғаны мерекелік және ұжымдық іс-шаралар. Ал енді бір қоғамдық тамақтану орны «Ашық» жүйесіне қосылмаса да, қызмет көрсеткен. Карантин талаптары сақталмаған мейрамханалардың барлығында дерлік 50-ден астам адам жиналған. Кәсіпкерлік нысан иелері 600 мың теңге көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін. Іс-шараларды ұйымдастырған адамдарға да әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Елубек Оспанов, қалалық ПБ баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қаламыздағы 65 ірі мейрамханалар мен кафе, барлар, әр түрлі той, адам көп жиналатын шараларды өткізу бағытында кезекшілік ұйымдастырылған. Осы жұмыстың нәтижесінде бүгінгі таңда 40-тан астам канантиндік режимді сақтамауға байланысты ірі осындай шаралар өткізген фактілер анықталып, әкімшілік жауапқа тартылып, шара қолданылуда.

Сондай-ақ...