«Қазазот» зауытынан шығатын түтін құрамында аммиак көп

Ақтаулық экологтар осылай дейді. Олар кәсіпорын маңынан дронның көмегімен сынама алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде ауадағы зиянды заттар мөлшері қалыпты шамадан 2 есе көп болып шықты. Ертең мамандар мекемеге кіріп, жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Сондай-ақ кеше тұрғындар өндірістік аймақтан шығып жатқан сары түсті түтін жайлы әлеуметтік желіге жариялаған еді. Алайда өкілетті орган күкірт сутегі аралас түтіннің қай зауыттан шыққанын әзірге біле алмай отыр.

Сағадат Хансейітов, облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Күкірт сутегінің нормадан жоғары болуы көбіне түнгі уақытта белгілі болып жатыр. Жағымсыз иіс ошағы қай мекемеден шығып тұрғаны белгісіз. Осы ретте рейдтік жұмыстары әлі де жалғастыратын боламыз. «Қазазот» санитарлық қорғау аймағынан тыс аумақта өлшеу сынамаларын жүргізген болатынбыз. Ол кезде аммиактың нормадан тыс екені анықталды.