423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Таразда карантинді елемеген кинотеатр мен дәмханалар анықталды

  • 188
  • UPD: 21:47, 16.08.2021
Таразда карантинді елемеген кинотеатр мен дәмханалар анықталды

Сондай-ақ «Ашық» мобильдік қосымшасын иеленген кейбір қоғамдық тамақтану орындарының да белгіленген уақыттан артық жұмыс істегені белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың біріне тексерушілер келген кезде ішінде болған адамдар қаша жөнелген. Бүгінде үш бірдей тамақтану орнының белгіленген жұмыс кестесінен тыс қызметін жалғастырғаны анықталды. Ал қаладағы бір кинотеатрда жіті тексерген тексерушілер бір бөлмеден 100-ге жуық адамды тапты. Санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, кинотеатр көрермен залының 30 проценттік толымдылығымен сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуі керек. Алайда мұнда түнгі 23:00-де кино көрсетілген. Кәсіпкерге 700 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.

Қайрат Әбітаев, кинотеатр директоры:

– Біз қаулымен танысқан жоқпыз. Ешкім ескерткен жоқ бізге. Айына 500 мың теңге табыс түссе, қазір 100 мың теңге. 80-90% дейін құлап кетті.

Хабар 24 телеарнасы