Қош бол, аңыз адам!

Қазақ журналистикасы тағы бір қара нарынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әйгілі спорт комментаторы, қазақ телевизиясының ардагері, ақпарат саласының үздігі Амангелді Сейтханов 52 жасында дүниеден озды. Ол 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1991 жылы «Спорт» газетінде бастаған әйгілі комментатор қазақ журналистикасының спорт саласында өзіндік із қалдырды. 1997 жылдан бері «Хабар» агенттігінде қызмет атқарды. Ол сонау жылдары айтыс аламанында да атой салған суырып салма ақын еді. Қалың көрермен іздеп отыратын, үлкенге ізетті іні, кішіге арқалы аға бола білген біртуар тұлға көзінің тірісінде-ақ аңыз адамға айналды.

Қош бол, Аман аға! Бақұл бол, ұлты үшін күйініп, ұлты үшін сүйіне білетін жақсы адам! «Хабар» арнасындағы қара орманың – ұжымың, іні-қарындастарың қайғыдан қан жұтып отыр. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына «Хабар» агенттігінің атынан қайғырып көңіл айтамыз.

Сондай-ақ...