Балқашта мобильді топ үйлену тойына терезені бұзып кірді

Балқаш қаласында мобильді топ жуырда ғана ашылған мейрамханалардың бірінде үйлену тойының үстінен түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда тойхана әкімшілігі есікті іштен жауып алып, рейд мүшелерін кіргізбеген. Мобильді топтың арнайы күштер шақырып, терезені бұзуына тура келді. Отбасылық мерекеге шамамен 50 адам жиналыпты. Енді санитарлық талаптарды өрескел бұзған мейрамхана қожайыны 670 мың теңге, ал қонаққа келген әрбір мейман 90 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді.