425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қостанай облысына Vero Cell екпесінің алғашқы 43 мың дозасы жеткізілді

  • 121
  • UPD: 15:32, 17.08.2021
Қостанай облысына Vero Cell екпесінің алғашқы 43 мың дозасы жеткізілді

Бүгіннен бастап қостанайлықтар коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны таңдау мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірге қытайлық Vero Cell екпесінің алғашқы 43 мың дозасы жеткізілді. Препарат екпе егу пунктеріне таратылып жатыр. «Синофарм» компаниясының өнімі – екі дозалы. Жалпы, облыста екпе егу шарасы басталғалы «Спутник V», QazVac, «КоронаВак» және Hayat-Vax вакциналарының алғашқы компонентін 280 мыңға жуық адам салдырған.

Хабар 24 телеарнасы