Атырау облысында науқастарды жоспарлы қабылдау тоқтатылды

Атырау облысындағы емханалар науқастарды жоспарлы қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнайлы өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты осындай шектеу шаралары қолға алынған. Алайда тұрғындар денсаулығына қатысты сұрақтармен өздерінің учаскелік дәрігеріне хабарласып, кеңес ала алады.

Айта кетейік, соңғы тәулікте облыста 562 адамның қауіпті індетке шалдыққаны анықталды. 93 науқас жансақтау бөлімінде. Ал 2 мыңға жуық адам инфекциялық стационарларда ем қабылдап жатыр.

Әлия Бақтығалиева, қалалық №4 емхана дәрігері:

– Онлайн түрде консультация беруді бастадық. Біздің поликлиникада адам көп. Коронавирусқа қарсы вакцина тоқтатылмайды, ал балаларға қатысты күнтізбелік екпе әзірге тоқтатылады. Шұғыл түрде көмек қажет болса, онда ол науқас қайтарылмайды, міндетті түрде медициналық көмек алады.