423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Биыл елімізде 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

  • 118
  • UPD: 16:15, 17.08.2021
Биыл елімізде 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді фото: elorda.info/

Осы жылдың 7 айында 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұл көрсеткіш 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,3% құрайды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстан бойынша барлығы 66 014 тұрғын үй (оның ішінде – 21 193 жеке үй) салынды.

Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі еліміздің барлық өңірінде артты.

Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.

Жалпы құрылыс бойынша нақты көлем индексі 111,1%-ті құрады.

Хабар 24 телеарнасы