Алматыда жалған вакцина паспортын жасатқандар екпе алуға өтініш білдірді

Вакцина алғаны туралы жалған паспорт жасатқандар шынайы екпе салдыруға кірісті.

Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты.

«Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінде қаралуда», - деді басқарма басшысы. Алайда, бүгінге дейін қанша адам жалған құжат жасатқаны туралы нақты статистика жоқ. Жалпы Алматыда эпидахуал әлі оңалмай тұр. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, аптасына 10 500-ге жуық адам коронавирус жұқтырады. Сондықтан қолданыстағы шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылды. Қазір қаладағы инфекциялық стационарларда 6 мыңға жуық адам емделіп жатыр. Бұл дайындалған төсек-орындардың 62%-іне тең. Мамандардың айтуынша, соңғы кезде әсіресе, балалар арасында коронавируспен ауырғандардың саны артқан.

Нариман Табынбаев, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:

- Қазір бізде стационарда 195 бала ем алып жатыр. Ал, үйінде емделіп жатқан балалардың саны 2540-қа жетті. Салыстырмалы түрде айтсақ, көктемде британдық штамм болғанда Алматыдағы стационарлардағы балалардың саны 30-40 баладан аспаған еді. Қазір «Дельта» штамм балалар арасында көп тарауда. Өткен аптада 245 бала ауруханада жатты. Өкінішке орай, бір айлық сәби коронавирустан қайтыс болды.

Сондай-ақ...