Павлодар облысына Vero Cell вакцинасының 45 мың дозасы жеткізілді

Павлодар облысында тұрғындардың төрттен бір бөлігі екпе салдырды,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Шамамен 200 павлодарлық коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алған.

Соңғы кезде тұрғындар тарапынан белсенділіктің артқаны байқалады. Вакцина жасалатын кабинеттерде адамдар ұзақ уақыт кезек күтуге мәжбүр. Халық отандық QazVac пен ресейдің «Cпутник V» вакцинасын алып жатыр. Бүгін өңірге Қытайда өндірілген вакцина Vero Cell-дің 45 мың дозасы жеткізілді. Қазірдің өзінде емханаларға таратылу үстінде. Вакцина орталық қойманың тоңазыту камераларында сақталатын болады. Жаңа вакцинаны сақтаудың температуралық режимі QazVac екпесіне сәйкес келеді.

Алёна Нейлин, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қызметкері:

- Таңертеңнен бері 30 ұйымға бөлінді. Ол 22 500 адамға жетеді. Қазір вакцинаның 50%-і емханаларға таратылды. Алды тұрғындарға салынып жатыр.